Сырт алаңдағы ойындар сериясын бастадық
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясын бастап, алғашқы ойында «Пари НН» командасына жол берді.
Нижний Новгородта өткен ойын 94:72 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Астана» сапынан 13 ұпайдан еншілеген Ройс Хэмм мен Карвел Андерсон матчтың үздік ойыншылары деп танылды.
«Матчтың алғашқы жартысында команданың зейіні жоғары деңгейде болды, өз арамызда келіскен детальдарды назарымызда ұстадық. Керемет баскетбол көрсеттік! Бұл ойыннан алғымыз келетін нәтижені, әр жағдайды алдын-ала білдік.
Шынын айтқанда, бапкер ретінде ойынның бірінші жартысында есепте үлкен айырмашылық болғанын ұнатпаймын. Ол команданың босаңсуына әсер етеді, осыдан қателер пайда болып, ойын негізі басқа арнаға бұрылып кетуі мүмкін. Қуанышымызға орай, мұндай жағдай болған жоқ. Келіскеніміздей соңына дейін өз ойын өрнегімізден танбай, жеңіске жеттік. Тіпті, есепте айырмашылық болды. Ал бұл алдағы уақытта өз пайдасын тигізуі мүмкін.
Кездесудің екінші жартысында сәл әлсіздеу ойын өрнегін көрсетуімізге кейбір ойыншыларды алмастыруымыз себеп болды. Себебі, кецбір ойыншылардың дем алғанын қаладым. Жоспарым Воронцевичпен жағдайда жүзеге асса, ал Бабуринмен және Ганькевичпен бұл ойым сәтсіздікке ұшырады. Олардың алаңда үш-төрт минутқа аз ойнауы керек еді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда оларды толыққанда алмастыра алатын ойыншы жоқ», — деп ойынды қорытындылады «Пари НН» бас бапкері Зоран Лукич.
Енді Фотиос Такианос командасы сапарын Самарада жалғастырып, 13 наурыз күні жергілікті ұжыммен сынға түседі.
Еске сала кетейік, 21 және 24 наурыз күндері «Астана» Алматыда ойындар өткізеді. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады.