Фотиос Такианос: «Келешекте міндетті түрде мықтырақ боламыз»

03.03.2024, 18:30    Оқылғаны: 225
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері «Пари Нижний Новгород» командасына қарсы ойынды қорытындылады. 

- Жеңіл матч болмайтынын білдім. Өзім команданың бас бапкері болып тағайындалғалы бері, аз уақыттың ішінде жаңа жүйе құруға тырыстық. Алайда уақыттың аздығынан және команданың жартысының ұлттық құрама сапында болуынан оны жүзеге асыру қиынға соқты. 

Ойын басында матч ритмінен шығып, қалып жаттық. Алайда екінші ширекте жылдамдықты бақылауда ұстап, қорғаныстағы тактикамызды негізге ала отырып, ойнап, ұпай еншілей бастадық. Өкінішке қарай, матчтың бірінші жартысының соңына қарай Дэвис жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Қорғаныстағы схемамыздан тыс жерде негізгі ойыншымыз болған оның орны ойсырап тұрды, сол себептен ойынның екінші жартысында матчқа құрған жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. 

Жаңа бірнәрсе жасау үшін бізге уақыт керек. Жанкүйерлерге алғыс білдіре отырып, келешекте мықтырақ болатынымызды айтқым келеді».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»