Фотиос Такианос — «Астана» бас бапкері!

20.02.2024, 17:00    Оқылғаны: 316
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Грекиялық маман Фотиос Такианос — «Астана» жаңа бас бапкері!

Ол 1969 жылдың 14 сәуірінде Салоникиде дүниеге келген. Кәсіби мансабы кезінде Грекияның әртүрлі клубтарында өнер көрсеткен, 1994 жылв ПАОК-пен бірге Корача кубогының иегері атанды. 

Бапкерлік мансабын 2004 жылы ассистент ретінде бастаған. 2007 жылы алғаш рет грекиялық «Панораманың» бас бапкері болып тағайындалды. Одан соң Грекия, Катар, Кипр мен Косовоның көптеген командаларын жаттықтырды.

2021/2022 жылдар маусымында «Лариса» командасымен бірге Грекия чемпионатының жартылай финалына дейін жетті, плей-оффта Еуролига қатысушысы «Панатинаикосты» екі рет жеңіп, лиганың жыл бапкері атанды.

Бапкер соңғы рет 2023 жылдың ақпан айынан бастап жаттықтырған ПАОК командасымен жұмыс істеген. 

Фотиос Такианосқа «Астанаға» қош келдіңіз дей отыра, біздің командамызбен бірге үлкен жеңістерге қол жеткізуін тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»