Рақмет, Олег Валерьевич!
Олег Киселев «Астана» бас бапкері қызметінен кетті.
Ресейлік маман астаналық клубтың тізгініне 2022 жылдың маусым айында келген.
«Олегке еткен еңбегі мен клубымызға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын! Ол Қазақстан Кубогын Астанаға қайтарып, Батыс Азия Суперлигасының қола жүлдесін иеленді және биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасы алдыңғы екі жылымен салыстырғанда көп жеңіске жетті. Бұл шешімді қабылдау бізге қиынға соқты, десе де, қазіргі жағдай мен плей-оффқа шығу деген мақсатымызды есеп ала отырып, командада өзгеріс жасауымыз керек. Осы шешім командаға тың серпін беріп, жаңа деңгейге шығарады деген үміттеміз. Олегке атқарған жұмысы үшін алғысымды айтып, алдағы мансабына сәттілік тілеймін!», — деді «Астана» бас директоры Самсон Аракелян.