Сергей Кущенко: «Астана — плей-оффқа шығатын фавориттердің бірі»

02.02.2024, 20:00    Оқылғаны: 463
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы президенті «Енисейге» қарсы ойынға қатысты.

«Әрине, соңғы жылы командада матчтарды ұйымдастыру мен команда құрамын жасақтауда тың өзгерістер орын алып жатыр. Сонымен қатар, «Астанада» маркетинг те жақсы жұмыс істей бастады. Өйткені, командада нәтиже пайда бола бастады, ал нәтиже болғанда өзгелер назар аудара бастайды. Менің ойымша, клуб басшылығы маркетингтік идеологиясын дамыту үшін ВТБ Бірыңғай лигасы өз командаларына кеңес беретін дұрыс векторды таңдап алған. Спорттық нәтиже — Лигада ең бірінші назар аударылатын нәрсе.

«Астана» құрамы жақсы ойыншылармен жасақталған, ойыны да жақсы және үздік сегіздікке енетін фавориттердің бірі. «Астана» — біздің тұрақты, сенімді серіктесіміз, қазір клуб пен Лиганы байланыстыратын тарихтың жаңа бір кезеңіне куә болып жатырмыз деген ойдамыз. Клуб тек жақсы спорттық нәтиже көрсетіп қоймай, басшылық жанкүйерлерге де назар аударып, оларға арналған іс-шаралар өткізіп жүр. Бірақ, өкінішке қарай, велотрек — осының бәрін жүзеге асыруға болатын баскетбол алаңы емес.

«Астананың» баскетбол залында ойнауына және жанкүйерлердің матчтан ләззат алуына жағдай жасалады деген ойдамыз», — деп пікірімен бөлісті Сергей Валентинович.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»