«Астана Академия» үзіліс алдында қос жеңіске қол жеткізді

29.01.2024, 22:30    Оқылғаны: 293
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана Академия» Ұлттық лига тұрақты маусымында өз алаңындағы соңғы матчтарын өткізді.

Михаил Лоншаков бастаған команда «Сарыарқа» велотрегінде екі рет «Каспийден» басым түсті — 68:48 және 95:66.

Екі ойын қорытындысында біздің команда сапынан Сардал Абашидзе (10+15 ұпай, 9+7 допты алу, 2+2 пас), Валерий Лиходей (13+10 ұпай, 5+4 допты алу, 4+3 пас) мен Игорь Каныгин (8+6 ұпай, 11+3 допты алу, 2+2 блокшот) үздік деп танылды. Ал Әмірәли Сүлейменов ұпай саны бойынша екінші матчтың көшбасшы ойыншысы атанды (16). 

Енді «Астана Академия» жаттығу процесіне кіріседі: Ұлттық лиганың келесі кезеңі наурыз айында өтеді. Александр Оразбеков Азия Кубогы іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізетін Қазақстан құрамасына шақырту алғанын атап өту керек.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»