Олег Киселев: «Үшінші ширектің басы — жеңілістің басты себебі»

28.01.2024, 22:30    Оқылғаны: 539
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Олег Киселев Мәскеуде «Рунаға» қарсы өткен ойынды қорытындылады.

- Жеңілістің басты себебі — қорғаныстан да, ұйымдасқан шабуыл жағынан да сәтсіз болған үшінші ширектің басы деп ойлаймын. Үлкен үзілістен кейін кейбір ойыншылар киім ауыстыратын бөлмеде қалып кеткендей сезімдемін.

Өз қателігіміздің орнын толтыруға тырысқанымызбен, «Руна» осы уақыт аралығында үлкен гандикап жасап үлгерді, ал оны төртінші ширекте қысқарту қиын болды.

Ойын сәттерін алар болсақ, жеке қорғаныста нашар ойын өрнегін көрсеттік, сәйкесінше, ол командалық нәтижеге ықпал етті. Оған қоса, жақсы ұйымдастырылған шабуыл да болған жоқ.

Бірінші кезеңде өз алаңымызда «Енисейге» қарсы өткізер ойын алдында қателіктермен дұрыстап жұмыс істеу керек.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»