Мәскеудегі сәтсіздік

28.01.2024, 22:00    Оқылғаны: 247
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты маусымы бірінші кезеңіндегі соңғы матчтарының бірін өткізді, Олег Киселев бастаған команда Мәскеуде «Рунаға» қарсы ойнады.

Біздің команда сапынан Девин Дэвис (18 ұпай, 9 допты алу), Маркелл Джонсон (14 ұпай, 8 пас, 5 допты қағып алу) және Василие Пушица (11 ұпай) матч қорытындысында үздік деп танылды.

Ойынның бірінші ширегі алаң иелерінің пайдасына шешілсе, екінші бөлікте қазақстандық ұжым үздік шықты. Осылайша, үлкен үзіліске «Астана» мен «Руна» теңдей есеппен кетті деуге болады — 39:38. Алайда үшінші ширек астаналық клуб сәтсіз болды: мәскеулік команда есептегі айырмашылықты ұлғайтып, Олег Киселев шәкірттері қысқарта алмады, қорытынды есеп — 80:67.
 

«Бірінші кезекте жігіттерді құттықтаймын. Өткен жолғы жеңілістен жақсы нәтиже шығара білді. Қорғаныстағы ойын бойынша үздік матчтарымыздың бірі болды деп айта аламын. Маусымның екінші жартысында қорғанысты қалай жақсарта түсуіміз керектігін түсуініміз керек. Сонымен қатар, қателіктер санын азайтуымыз қажет. Бүгінгі жеңіс сенімділік қоса түседі деп ойлаймын. Жұмысты жалғастырып, алдағы матчтарға дайындалуымыз керек», — деді алаң иелерінің бас бапкері Эртурул Эрдоган.

Тұрақты маусымның бірінші кезеңінің соңғы ойыны 1 ақпан күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Қарсылас — «Енисей» командасы. Матч 17:00-де басталады, билеттер Ticketon және «Давай Сходим!» сайттарында қолжетімді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»