Джордан Скиппер-Браун — «Астана» ойыншысы!

26.01.2024, 17:00    Оқылғаны: 259
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» америкалық шабуылшы Джордан Скиппер-Браунмен келісімшартқа отырды.

Ол 1998 жылдың 7 қаңтарында Джорджия штатының Форт-Стюарт қаласында дүниеге келген.
Джордан студент кезінде ең алдымен Шығыс Иллинойс университетінде, содан кейін Мюррей мемлекеттік университетінің командасында өнер көрсетті. Университетті тәмамдағаннан кейін Джордан бельгиялық «Левен Беарз»-бен келісімшартқа отырды, содан кейін «Брюссель» сапына ауысты.

Шабуылшы соңғы рет Словенияның «Хопси» клубында ойнады. Онда ол 15.4 ұпай жинады, 9.7 рет допты тартып алып, ұлттық чемпионаттағы бір ойында орта есеппен 4.3 пас берді.

Ойыншының бойы — 199 см, салмағы — 102 кг.

Джорданды қатарымыздан көргенімізге қуаныштымыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»