Михаил Лоншаков: «Сенімдірек ойнауымыз керек еді»

24.01.2024, 22:30    Оқылғаны: 450
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана Академия» бас бапкері Михаил Лоншаков Ақтөбеде сырт алаңда өткізген ойындарды қорытындылады.  
 
– Алғашқы ойында 30 қателікке жол бердік және ол жеңіліс табуымызда шешуші рөл атқарды. Әрине, оған  салмақты себептеріміз де бар: команданың барлығы дерлік тұмаумен ауырды, сондықтан ойындарға сапалы дайындық жасай алмадық. Дегенмен, сенімдірек ойнауымыз керек еді, мұндай қателіктерге жол бермеу керек. Алайда 35 минут бойы қарсыласпен тең дәрежеде өнер көрсеттік, матчтың алғашқы жартысында алыстағы да, сақина астындағы шабуылды да ұйымдастыра білдік. Ал кездесудің келесі жартысында периметрден тиімді шабуыл жасамадық, шаршаңқылық пайда болды және қателіктер жеңіліс табуымызға әсер етті. 
 
Екінші кездесуге келер болсақ, жақсырақ ойнадық және матчтың негізгі бөлігінде басымдық біздің жағымызда болды. Алайда тағы да қателіктер жеңіске жетуімізге кері әсерін тигізді, екінші матчта олардың саны 24 болды. Ойын соңында шабуылда сенімді әрі тәртіпті ойнау үшін тәжірибе жетіскен жоқ және соның нәтижесінде қарсылас бізді есепте қуып жетіп, матчта овертаймға ұластыра алды. Ал қосымша бес минутта қорғаныста да, шабуылда да күш пен сенімді әрекет жетіскен жоқ.  
 
Енді команда жексенбі және дүйсенбі күндері өз алаңында «Каспийге» қарсы өткізетін кездесулеріне дайындалады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»