Олег Киселев: «Бүгін алаңда бір команда болды, нәтиженің сыры – осы» 

24.01.2024, 23:50    Оқылғаны: 345
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Олег Киселев «Самарамен» кездесуге қорытынды жасады.  
 
– Қорғанысқа қатысты матчқа құрған жоспарымызды керемет орындап шыққан ойыншыларымды құттықтаймын. Бүгінгі қорғаныстағы ойын жеңіске жетуіміздің басты факторы болды. Біз «Самараның» өз алаңында тек 66 ұпай олжалауына мүмкіндік бердік, бұл – өте жақсы нәтиже. Онымен қоса, соңғы минуттарда шабуылда ұйымдасқан ойын өрнегін көрсеттік. Алаңға шыққан әр ойыншы жеңіске деген өз үлесін қосты. Бүгін алаңда бір команда болды, нәтиженің сыры – осы. Біз үшін өте маңызды жеңіс.  
 
Иә, алғашқы алтылық аймағынан тыс келеміз. Алайда плей-ин үшін күрес жүргізіп жатырмыз және бүгінгі жеңіс бізге алдағы уақытта міндетті түрде көмектеседі. «Самара» үшін де бұл ойын алтылыққа кіру тұрғысынан маңызды матч болды және оның ойыншыларға қысым түсіретіні де рас. Бәлкім, бүгін оларға осы қысым қатты әсер еткен болар. Мұндай жағдайлар болып тұрады және одан ешкім сақтандырылмаған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»