Олег Киселев: «Қиын жолмен келген жеңіс»

20.01.2024, 18:00    Оқылғаны: 251
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Олег Киселев МБА-ға қарсы ойынға қорытынды жасады.

- Команданы, жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Біз үшін қиын жолмен келген жеңіс болды. Бұған дейін қатарынан 5 матчта жеңіліс таптық. Осыдан екі ай бұрын 35 ұпай айырмашылығымен МБА-ға қалай жеңілгенімізді есте ұстай отыра, дайындалдық.

Бүгінгі матчқа келер болсақ, допты алуда жеңіске жеттік, 9 қателікке жол бердік және ойынға құрған жоспарымызды, әсіресе кездесудің екінші жартысында, қорғаныста жақсы орындай білдік. Ойынның екінші жартысында МБА 29 ұпай еншілеуіне мүмкіндік бердік. Жеңіске жетуіміздің басты себептері деп осыларды атай аламын.

Одан бөлек, шыдамдылық таныттық, матч соңында бар назарымызды жеңіске қойып, ұйымдасқан ойын өрнегін көрсеттік. Тек сәттілікке сеніп қойған жоқпыз.

Жігіттерді тағы бір рет жеңіспен құттықтаймын. Расымен де, біз үшір қиын жолмен келген жеңіс болды, олар жарады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»