Олег Киселев: «Ойын соңында сәттілік жетіскен жоқ»

14.01.2024, 18:30    Оқылғаны: 203
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Олег Киселев Екатеринбургтегі матчты қорытындылады.  

– Үш күн бұрын «ПАРМА-мен» ойында овертаймда жеңісті қолдан жіберіп алғанымызды есепке алар болсақ, біз үшін қиын матч болды. Бұл ойын біздің команданың бір ұжым екендігін не жекелеген ойыншылардан тұратынын көрсетуі керек болған. Ол біздің бір команда екенімізді көрсетті, матч бойы ойында болдық. Бәлкім, Хэммнің екі фолы әсер еткен болар, матч соңында фокусты жоғалтып алдық. Бірақ, әрі қарай не болуы мүмкін екенін білмейміз. Ойын соңы сәттілікке тікелей байланысты. Шабуылда жақсы ойнап, матч тағдырын овертаймда шешуімізге мүмкіндік болған, алайда бүгін жолымыз болмады. «Уралмашты» жеңісімен құттықтаймын, маусымды әрі қарай жалғастырамыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»