Олег Киселев: «Төртінші ширекте шабуылда сәтсіздікке ұшырадық»

10.01.2024, 22:30    Оқылғаны: 216
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Олег Кисилев «ПАРМАҒА» қарсы ойынды қорытындылады.
 
 – Үш кезең бойы команда қорғаныста да, шабуылда да берілген тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойындарға қатысты пікір білдіру қиын. Ал төртінші ширекте команданың шабуылы жүрмей, қате шешімдерді көп қабылдадық. Әрине, ойынға төртінші ширекте қатарынан үш шабуылды жүзеге асырған Би Джей Джонсонның ойынға қосылуы «ПАРМАҒА» жаңа дем сыйлап, олардың матчты овертаймға ұластыруына көмектесті. Овертаймда тағы да көптеген дұрыс емес шабуылдар ұйымдастырдық, оған қоса дәл осы ойында 21 қателікке жол бердік. Қарсыласымыз лайықты жеңіске қол жеткізді, құттықтаймын.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»