Олег Киселев:  «Әрине, біздің жеңіске жеткіміз келді»

05.01.2024, 19:30    Оқылғаны: 188
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев Краснодардағы ойын жайлы пікірін білдірді.

- Әрине, біздің жеңіске жеткіміз келді. Бірінші айналымнан кейін біз мұны істей алатынымызға сенімді болдық. Біздер қарсыластың күшті жақтарын, атап айтқанда, олардың ойындарын және қорғаныстан шабуылға тез ауысатындығын жан-жақты бөлшектеп зерттедік. Осының арқасында ойынның бірінші жартысын жақсы ойнады. 

Өкінішке орай, үшінші ширек барысында «Локоның» алыстан көздеген үш соққысын жіберіп алдық, олар гандикап жасап, мұны матчтың соңына дейін ұстай білді. Біз ойынға қайта орала алдық, дегенмен допқа талас барысында қиындықтар болды. Қарсыластарымыз біздің қалқанымызда 20 соққыны кері қайтарды. Бұл лиганың мықты командаларының үздік нәтижесі.  

Ойында көп тәртіп бұзып, өзіне берілген минуттарын ойнамаған Ройс Хаммның орны ойсырап тұрды. Бізге кездесудің соңында ауадай қажетін болатын Кункельдің де алаңнан қуылуы ротацияға айтарлықтай әсер етті.

Екінші жыл қатарынан біз Краснодарда Қазақстан тулары бар тұтас сектордың бізге қалай қолдау көрсетіп жатқанын байқадық. Біз мұны көріп отырмыз, бұл бізге жақсы әсер қалдырады  және сіздердің қолдауларыңызды толықтай сезіндік.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»