Василие Пушица – «Астана» ойыншысы!

02.01.2024, 18:00    Оқылғаны: 237
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Сербиялық қорғаушы Василие Пушица «Астанамен» келісім-шартқа отырды.

Біздің жаңа ойыншы 1995 жылы 12 қыркүйекте Белградта дүниеге келген. Оның бойы – 196 см, салмағы – 93 келі.

Василие баскетболды өз отанында ойнай бастады, оның ішінде «Партизан» жүйесінде болды.  2013 жылы ол АҚШ-қа сапар шегіп, Канзас штатының Вичита қаласындағы мектепте NCAA-да төрт маусым өткізді.

Оның алғашқы студенттік ұжымы – Сан-Диего университетінің командасы. Онда ол екі маусымда ойнады, кейін, 2016 жылы Солтүстік-Шығыс университетінің командасына ауысты (Бостон, Массачусетс штаты). Сонымен бірге, NCAA ережелеріне сәйкес, ол 2016/17 маусымында ойнамаған жоқ.

Университетті аяқтаған соң Василие 19/20 маусымының соңына дейін Сербия Суперлигасында өнер көрсеткен «Партизанға» оралды. Содан кейін итальяндық «Пезароға», ал бір маусымнан соң «Сассариге» ауысты. Кейіннен Пушица Литва («Приенае»), Түркия («Галатасарай») және Польша («Торунь» және «Шленск») чемпионаттарында ойнады.

Сербиялық қорғаушының соңғы клубы «Автодор» болды. Ол ВТБ Бірыңғай лигасында 18 матч өткізді, оның есебінде 8.7 ұпай, 2.1 рет допқа жету және бір ойынға орташа есеппен 2 пас болды. Желтоқсан айында «Астанамен» өткен матчта ойыншы 12 ұпай жинап, 4 рет допқа бірінші жетір, 3 пас берді.

Василиені клубта көргенімізге қуаныштымыз! Біз бірге көптеген жаңа жеңістерге жететінімізге сенімдіміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»