Олег Киселев: «Допқа бірінші жетуде кім жеңеді, сол матчты да жеңеді»
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев Санкт-Петербургтегі ойынды қорытындылады.
– Қарсыласыңызға шабуыл жасауға 20 рет мүмкіндік бергенде, қорғаныс маңызды болмайды. Баскетбол ақиқаты ойнады: кім допқа таласта жеңсе, матчта да жеңіске жетеді. Физикалық тұрғыда «Зенит» бізден озып, 20 ұпайға ие болды. Осының арқасында жеңді, бұл басты себеп. Біздің шабуылымызда да белгілі бір сәттер болды, бірақ бұл көп әсер етпеді.
Бізде тыңнан қосылатын адам аз, бірақ соңғы матчтарда біз оның санын көбейтеміз. Тығыз кесте кезінде алты ойыншымен ойнау мүмкін емес.