Беларусь жерінде «МИНСК» тізе бүкті!

07.12.2023, 23:00    Оқылғаны: 182
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында Беларусьтің ең атақты клубы – «МИНСТКІ» жеңді.

Кездесу овертаймға жалғасып, Олег Киселев командасының пайдасына 84:89 есебімен аяқталды.

«МИНСК» маусымның алғашқы жеңісіне қол жеткізе алмағанына қарамастан, матч оңай болған жоқ: бірінші кезең тең дәрежеде өтті, ал үлкен үзіліске командалар 28: 37 есебімен «Астананың» пайдасына шықты. Алайда, екінші кезеңде алаң иелері ұпай санын қысқартты және бір ұпаймен жеңіске жетті. Алайда, Маркелл Джонсон еркін лақтыруды жүзеге асырды және ойынды қосымша уақытқа ауыстыра алды.

Овертаймда Беларусь чемпиондары бастапқыда алға шықты, алайда «Астана» есепті теңестіріп, содан кейін ойынның жеңіс нүктесін қойды.
 

«Менің ойымша, ойын негізгі уақытта аяқталуы керек еді. Өкінішке орай, негізгі уақытта аяқталмады. Қосымша уақытта қарсылас шебер ойнады: көшбасшылары маңызды доптарды соқты. Біз өз кезегінде үш рет қателестік, бізді ойында жетелеп отырған Алекс Зечевичті ле таба алмадық», – деді «МИНСК» жаттықтырушысы Ростислав Вергун матчтан кейін.

Елордалықтар сапында Ройс Хэмм (25 ұпай, 14 рет допқа жету), Маркелл Джонсон (19 ұпай, 7 рет допқа жету, 6 пас), Карвел Андерсон (15 ұпай, 7 пас), Девин Дэвис (13 ұпай, 17 рет допқа жету) ерекше көзге түсті.

Девин Дэвис бір ойында допқа бірінші жету бойынша маусымның рекордын қайта жаңартты, бұған дейін көрсеткіш «Уралмаш» ойыншысы Октавиус Эллисте болған.

Осы жеңістен кейін біздің командалар арасындағы жеке кездесулердің саны 12:12-ге теңесті.

ВТБ Бірыңғай Лигасындағы келесі матчты үйде өткіземіз: 11 желтоқсанда УНИКСПЕН ойнаймыз! Билеттер қазірдің өзінде сатылымда.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»