Өз алаңымызда ЦСКА-дан ұтылдық

03.12.2023, 17:30    Оқылғаны: 171
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында тағы бір үй сериясын Мәскеудің ЦСКА-на қарсы матчпен аяқтады.

Айта кету керек, матч жанкүйер саны бойынша маусымның рекордын жаңартты: барлық билет ойыннан бір күн бұрын сатылды.

Кездесудің қорытынды есебі – 78:112 Эмиль Райкович командасы пайдасына.

«Астана» ойыншыларының арасында Карвел Андерсонды (25 ұпай, 6 пас), Маркелл Джонсонды (17 ұпай, 6 пас) және Девин Дэвисті (11 ұпай, 8 пас) бөліп көрсеткен жөн.
 

«Мен әрқашан Астанаға оралғаныма, жанкүйерлеріме ризамын, өйткені мен мұнда үш жыл жұмыс істедім. Бүгінгі ойын біз үшін сәтті өтті, өйткені біз матч барысында нәтижені бақылап отырдық. Біздің ойыншылардың әрқайсысы ойын уақытын алғаны жақсы. Кездесудің көп бөлігінде бізде жақсы қорғаныс, шабуылда тиімділік болды деп ойлаймын. Біз өз мақсаттарымызға жеттік және Красноярскідегі ойынға дайындаламыз», — деді матчтан кейін «әскерилердің» бас жаттықтырушысы.

Келесі жолы «Астана» 7 желтоқсанда «МИНСКПЕН» ойнайды. Ал команданың жақындағы үй матчы 11 желтоқсанда өтеді, қонаққа УНИКС келеді. Билеттер Ticketon және «Давай Сходим!» сайттарында сатылымда.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»