Елорда клубы Эстония чемпионына есе жіберіп алды

01.11.2016, 09:25    Оқылғаны: 615
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Эстонияның «Калев» клубы биылғы маусымдағы, өз алаңындағы алғашқы матчта «Астанадан» басым түсті – 84:67 (19:17, 21:20, 22:18, 22:12).

Ең көп ұпай жинағандар:

«Калев»: Марк Толлефсен (17 + 6 рет доп қақшып алды), Грегор Арбет (14), Стэн Сокк (12 + 6 пас), Демонте Харпер (11 + 8 пас), Миккелл Глэднесс (5 + 13 д.қ.).

«Астана»: Иан Миллер (20), Усман Крубалли (18 + 8 д.қ.), Димитриос Катсивелис (12), Родерик Одом (10 + 8 д.қ.).

«Калев» БК бас бапкері Алар Варрак:
– Бұл жеңіс бізге өте қажет еді. Жақында ғана Минскіде өзекті өртер жеңіліске ұшыраған болатынбыз. Бүгін де доптан жиі айырылып қалып отырдық, бірақ басқа жағынан жақсы ойнадық. Ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Ойынның екінші жартысында Миллерді тұсаулап ұстай алғанымызға қуаныштымын.
Сонымен бірге, бізге шабуылды әр қилы өрістетуді жетілдіре түсуіміз керек. Бірақ бұған жаттығу кезінде қол жеткізу қиын, бұл жерде бәрі де команда сапындағы ойыншыларға байланысты.

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
– «Калев» шабуылда тамаша ойнады. Қарсыласымыз шабуылдарының соңғы секундтарында өте күрделі соққыларды дөп түсіріп отырды, ал бізге нәтижелі шабуылмен жауап беру қиын болды. Қорытындысында біз бар болғаны екі ғана үш ұпайлық доп салдық, бүкіл ойын бойы… Мұндай жағдайда жеңіске жету өте қиын.

«Астана» келесі ойындарын түзде, 6 және 7 қараша күндері Ақтауда өткізіп, Қазақстан Ұлттық лигасы аясында «Каспий» баскетбол клубымен екі рет кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»