Олег Киселев: «Біздің жоспар мүлдем басқаша еді»

03.11.2023, 01:30    Оқылғаны: 257
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев Қазандағы матчты қорытындылады.

– Біз бірінші кезеңде сәтсіздікке ұшырадық деп ойлаймын. Жекелей де, УНИКС орындауындағы пик-н-роллдарға қарсы нашар ойнадық. Біздің жоспар мүлдем басқаша еді. Біз алаң иелерінің жылдам шабуылдарын тоқтата алмадық.

Біз үшінші кезеңді жақсы бастадық және ойынға қайта оралуға тырыстық. Бірақ УНИКС біздің камбэктен кейін жіберген қателіктеріміз үшін жазалады, содан кейін жақындатпады. Мұндай командаға қарсы қатарынан 3-4 қателік жіберсеңіз, жазаландыңыз дей беріңіз. Қарсылас оларды пайдаланады және бірден өзіне ыңғайлы ұпайға ие болады. Әрине, бізде УНИКС-те бар ойын ресурстары жоқ.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»