Sports Performance Specialist Level 2 бағдарламасы бойынша сабақтар аяқталды

23.10.2023, 20:00    Оқылғаны: 883
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
20-22 қазан аралығында «Астана» Академиясы залында біздің клубтың FIBA-мен бірлесіп ұйымдастырған Sports Performance Specialist Level 2 бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар семинары өтті.



Курс ливандық маман, FIBA оқытушысы Рафаэль Обейдтің жетекшілігімен теориялық және практикалық сабақтардан тұрды. Бұған дейін SPS Level 1 сертификатынан өткен барлық бапкер қатыса алады. Семинар соңында барлық қатысушы қорытынды емтихан тапсырды. 



Семинарға «Астана» жүйесінде жұмыс істейтін мамандар да қатысты. Олар: Михаил Лоншаков, Татьяна Самарина, Антон Кирин, Александр Мудраков және Максим Оборовский.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»