«Астана» ойыншылары Astana Garden School-да шеберлік сабағын өткізді

06.10.2023, 15:00    Оқылғаны: 777
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
4 қазан, Мұғалімдер күні қарсаңында «Астана» және «Астана Академия» ойыншылары Маркелл Джонсон, Вадим Третьяк, Александр Оразбеков және Валерий Симонов Astana Garden School мектебінде шеберлік сабағын өткізді.

Сәрсенбі күні кешке өткен кездесу барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Алдымен баскетболшылар спортзалға жиналған оқушылардың сұрақтарына жауап берді, содан кейін доп ойнап, балалармен бірге көңіл көтерді.



Жиын соңында біздің балалар қолтаңба сессиясын өткізді: барлығы қол қойылған карталар алса, кейбірі жейделер мен аяқ киімдерге қол қоюын сұрады.



Шақырғаны үшін Astana Garden School-ға алғыс айтамыз! Осы маусымда «Астана» елорда мектептеріне белсенді барып тұрмақ.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»