Самарада «Приматов Кубогы» жолдастық турнирі аяқталды.
Алаң иелеріне жол берген соң «Астана» үшінші орын үшін матчта «Уралмашпен» кездесті. Бұл ойын да қызықты және тартысты болды, соңында ВТБ Бірыңғай лигасының дебютанттары жеңісті жұлып әкетті.
Елордалық клуб құрамында Ройс Хэмм (21 ұпай, 8 допқа бірінші жету, 3 ассист) және Карвел Андерсон (16 ұпай, 4 допқа бірінші жету, 3 ассист) үздік атанды.
Сонымен қатар, кездесу аяқталғаннан кейін Карвел турнирдегі «Астананың» үздік ойыншысы атанып, оған естелік сыйлық табысталды.
Енді Олег Киселевтің командасы ел астанасына оралып, ВТБ Бірыңғай лигасының алдағы маусымына дайындығын жалғастырады. Бірінші матч 14 қазанда өтеді – Астанаға «Зенит» келеді.