«Астана» Эстонияны бетке алды

30.10.2016, 10:20    Оқылғаны: 695
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін елорда баскетбол клубы Эстонияға ұшып кетті. 31 қазан күні ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында бірінші рет түзде додаға түсіп, Таллинде «Калев» командасымен кездеседі.

Қарсылас жайлы мәлімет:

«Калев» (Эстония, Таллин) баскетбол клубы 1944 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1991.
  • Эстония чемпионы − 2000, 2005, 2006, 2009, 2011, 2012, 2013, 2014, 2016
  • Эстония чемпионатының күміс жүлдегері – 2015
  • Эстония кубогының жеңімпазы − 2005−2008, 2016

Айрықша атап өтерлігі, ВТБ Бірыңғай лигасының барлық маусымындағы «Астана» мен Эстония клубы арасындағы матчтар ылғи біздің команданың жеңісімен аяқталып отырған. Бұл жолы да «Астана» осы дәстүрді бұзбайды деп сенеміз. Оның үстіне, команда ертеңгі ойынға егжей-тегжей дайындалды.

Сіздер бұл матчты Kazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Сондай-ақ және ВТБ Бірыңғай лигасының сайтынан да көруге болады. Басталуы – 22:20-да.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»