Адам Кункель – «Астана» ойыншысы!

16.08.2023, 19:00    Оқылғаны: 325
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» американдық қорғаушы Адам Кункельмен келісім-шартқа қол қойды.

Адам 1999 жылы 9 желтоқсанда Кентукки штатының Эрлангер қаласында дүниеге келген. Бойы – 193 см, Салмағы – 82 келі.

Баскетболшының алғашқы студенттік командасы «Белмонт Брюинз» болды, онда Адам 2018 жылдан 2020 жылға дейін өнер көрсетті. Белмонт университетінің командасындағы соңғы маусымда ойыншы 16.5 ұпай жинады, сонымен қатар NCAA аясындағы кездесулерде орта есеппен 2.8 рет допқа жетіп, 2.6 рет нәтижелі пас жасады.

2019 жылдың 16 қарашасында Кункель рекордтық 35 ұпай жинап, «Брюинзд» Бостон колледжінің командасын 100:85 есебімен жеңді.

2020 жылы NCAA-ның бірқатар ұжымдары қызыққан танытқан Адам Ксавье университетінің командасында мансабын жалғастыру туралы шешім қабылдады, онда ол келесі үш маусымды өткізді. 2022 жылы Кункель командасы өз тарихында екінші рет ұлттық шақыру турнирінде жеңіске жетті.

Өткен маусымда баскетболшы 32 матч өткізіп, орташа есеппен 10.8 ұпай жинап, бір ойынға 2.8 рет допқа жетіп және 3 нәтижелі пас жасады.

Адамға «Астанаға» қош келдіңіз дейміз! Ойыншыға елордалық клубта жақсы маусым өткізуін тілейміз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»