Евгений Исаков – «Астананың» спорт директоры
Евгений Исаков «Астананың» спорт директоры болып тағайындалды.
Евгений Владимирович – қазақстандық баскетбол ардагері ойыншы ретінде бірнеше рет Алматы «Отырары», «Астана жолбарыстары» және «Атырау Барыстары» құрамында ҚР Ұлттық лигасы мен Кубогының чемпионы және жүлдегері атанды.
Бұған дейін маман 2020/21 маусымында Эмиль Райковичтің штабында жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
Өткен маусымда Евгений Владимирович Алматының IRBIS командасында бас бапкері болды.
Евгений Владимировичті қайта оралуымен құттықтаймыз және алдағы маусымда сәттілік тілейміз!
Айта кету керек, Рүстем Мұқанов елордалық клубта қалып, негізгі команданың менеджері ретінде жұмыс істейді.