Антон Пономарев: «Жиын өте жақсы өтті»
U-16 ҚР құрамасының бапкері Антон Пономарев Златибордағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады.
«Жиын өте жақсы өтті: ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Барлық жігіттер 100% барын салды. Бастысы, ешкім жарақат алмады, бәрі аман.
Біздің алдымызда мынадай міндет тұрды: жігіттердің физикалық дайындығы мен техникасын жақсарту. Біз жоспарлағанның бәрін орындадық. Менің ойымша, жолдастық кездесулердің нәтижелері біздің жақсы жұмыс істегенімізді көрсетеді!
SportQory спортты қолдау қорына Азия Кубогы қарсаңында осындай тамаша жиынды өткізуді қолдағаны үшін рахмет! Бұл ОЖЖ жігіттердің ойынын жақсарту және оларға сенімділік беру үшін өте қажет еді.»