Қола – қанжығада!

17.06.2023, 20:00    Оқылғаны: 477
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» «Әл-Риядиді» жеңіп, Батыс Азия Суперлигасының дебюттік маусымында қола медаль жеңіп алды.

Олег Киселевтің командасы өзінің басымдығын бірінші кезеңде көрсетсе де, қос команда 52 ұпайдан жинады.

Екінші және үшінші кезеңдерде қарсылас ұпай санын 10 ұпайдан 2-ге дейін қысқарта алды, ал соңғы кезең шиеленісті болды. Соған қарамастан, «Астана» Ливия командасына бірде-бір рет көшбасшылықты берген жоқ және ойын қазақстандықтардың пайдасына 90:94 есебімен аяқталды.

Осы матчта «Астана» сапынан 23 ұпай жинап, 8 рет соққы жасаған Мартин Крампельді бөліп көрсеткен жөн. Карвел Андерсон 17 ұпай жинап, 4 рет допқа бірінші жетті және 5 нәтижелі пас жасады, ал Маркелл Джонсон өз есебіне 15 ұпай, 6 рет допқа жету және 8 ассистті жазды.

Рустам Мырзағалиев те өзін жақсы көрсетті — «Астана» капитаны 8 ұпай жинап, 6 рет допқа жетіп, 4 нәтижелі пас берді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»