Жеңіспен бастадық!

09.06.2023, 23:00    Оқылғаны: 376
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Батыс Азия Суперлигасының сегіздік Финалын жергілікті «Шабаб Әл-Ахлиді» жеңумен бастады.

Олег Киселевтің командасы алғашқы минуттардан бастап басымдықты иемденді, жалпы команда екі рет қана басымдықты берді, оның өзі 26 секундқа ғана. Бір сәттерде қазақстандықтар 17 ұпаймен ұтып тұрды. 

Матчтың екінші жартысы оңай болған жоқ: алаң иелері сәл басымдықпен үшінші және төртінші кезеңде жеңіске жетті. Дегенмен, «Астана» ойыншылары көшбасшылықты сақтап, 80:73 есебімен жеңіске жету үшін жеткілікті ұпай жинады.

«Астана» құрамындағы үздік ойыншы 16 ұпай жинап, 7 ассист жасаған Маркелл Джонсон болды. Сондай-ақ қазақстандық клуб үшін дебют жасаған Карвел Андерсон (19 ұпай, 3 рет допқа жетті, 4 ассист) және Мартин Крампель (12 ұпай, 3 рет допқа жетті) өздерін жақсы көрсетті.

Қазақстандық баскетболшылар арасында Дмитрий Гавриловты (8 ұпай, 4 рет допқа жету), Рустам Мырзағалиевті (10 ұпай, 4 рет допқа жету) және Руслан Айтқалиді (12 ұпай, 4 рет үш ұпайлық) атап өткен жөн. Айта кетейік, «Астана» барлық 15 айып лақтыруды жүзеге асырды.

«Шабаб Әл-Ахли» құрамында украиналық Артем Пустовой озық болды (21 ұпай, 14 рет допқа жету).
 

Келесі матчты «Астана» 11 маусым күні сағат 18:00-де өткізеді. Қазақстандықтардың қарсыласы ирандық «Шахрдари Горган» болмақ.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»