Самсон Аракелян: «Алдағы ойындар өте қиын болады деп ойлаймын»
«Астананың» бас директоры Самсон Аракелян IRBIS-ке қарсы жартылай финалдық сериядағы жеңіс туралы пікірін айтты.
Барлық жанкүйерді және елорданың барлық тұрғынын құттықтаймын, өйткені «Астана» Ұлттық лиганың финалында өз қаласын таныстырады. Бізге қолдау өте қажет. Менің ойымша, алдағы ойындар, кім финалға шықса да, өте қиын болады.
Финалға берілетін жолдаманың тағдыры қалай болатынын қазір үлкен қызығушылықпен бақылап отырмын. «Тобыл» мен «Атырау Барыстары» арасындағы ойындар тартысты өтеді, сондықтан «Тобыл» жеңісті оңай бере салады деп ойламаймын.
Қазір бәрі жақсы, мен серияны мерзімінен бұрын аяқтағанымызға қуаныштымын. Енді біз жігіттерге біраз демалуға, күш жинауға мүмкіндік бере аламыз. Тағы да барлығыңызды 3-4 мамырда финалда «Астананы» қолдауға шақырамын!