«Астана» U-16 Қазақстан құрамасының базалық клубы мәртебесін алды

31.03.2023, 17:00    Оқылғаны: 1499
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» академиясының залында «Астанаға» U-16 Қазақстан құрамасының базалық клубының мәртебесін беру туралы Меморандумға қол қойылды.

Салтанатты шараға «Астана» бас директоры Самсон Аракелян мен ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов қатысты.



Меморандум 2023 жылдың 17-24 қыркүйегі аралығында Катарда өтетін Азия Кубогына қатысатын U-16 Қазақстан құрамасы «Астана» инфрақұрылымының базасында құрылатыны туралы уағдаластықты бекітеді.

Құраманы осы маусымда «Астана» Академиясына қосылған жаттықтырушы Никита Ғалиахметов басқарады. Оның басшылығымен 12-16 сәуір аралығында еліміздің әр өңірінен келген жас баскетболшылар қатысатын іріктеу жиыны өтеді. Жиын қорытындысы бойынша жиналған құрам осы уақытта Қазақстан астанасында өтетін U-21 санатындағы ҚР жастар чемпионатына есептен тыс қатысады.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»