Тек екі ойын қалды

19.03.2023, 18:00    Оқылғаны: 665
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Красноярскіде көшпелі матч өткізіп, «Енисейден» ұтылды.

Бірінші кезең өте қарқынды және бәсекелі түрде өтті, нәтижесінде қазақстандық клуб бір ұпай артықшылығымен алға шықты. Алайда, екінші кезеңде «Енисей» 20 ұпай айырмашылығымен ірі жеңіске жетті.

Үшінші кезеңдегі тең ойынға қарамастан «Астана» есеп айырмасын қысқарта алмады, матч иелерінің пайдасына 77:76 есебімен аяқталды.

Бұл ойындағы елордалық команданың көшбасшылары — Маркелл Джонсон (17 ұпай, 9 допқа бірінші жету, 6 пас), Игорь Каныгин (10 ұпай) және Рустам Мырзағалиев (9 ұпай, 7 пас). Ұзақ уақыт жарақатынан айыққан Майк Майерс алғаш рет алаңға шыға алды.
 

«Ойыншыларымды жеңісімен құттықтаймын. Өкінішке қарай, біз бұл матчқа дейін көптеген қиындықтарға тап болдық. Жұма күні Суприм Ханнаның дене қызуы көтерілді, сонымен қатар ойын алдында дәл сол себепті біз Анджело Уорнерді сапқа қоса алмадық. Алайда, барлық жағдайды ескере отырып, мен жеңіске өте қуаныштымын. Әрине, біз бұдан да жақсы ойнай аламыз, бірақ біз үшін ең бастысы — нәтиже», — деді ойыннан кейін алаң иелерінің бас бапкері Дражен Анзулович.

ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аяқталуға жақын. Енді Олег Киселевтің командасы «ПАРМА-ПАРИГЕ» (22 наурыз) және «Минскіге» (26 наурыз) қарсы көшпелі ойындар өткізеді.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»