Саратовта сынақ тапсырдық

16.03.2023, 23:00    Оқылғаны: 538
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы қорытынды көшпелі сериясы аясында бірінші матчын өткізді.

«Автодорға» қарсы ойын Самарада өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 79:70.

Бранислав Вичентичтің командасы ойынды өте жақсы бастағанына қарамастан, кейіннен «Астана» ойынға қайта оралды: екінші кезеңде «Автодор» тек екі ұпаймен алда тұрлы, ал үшінші кезең Олег Киселевтің командасының сенімді жеңісімен аяқталды. Алайда қазақстандық клуб матчта жеңіске жете алмады.

Маркелл Джонсон тағы да өте жақсы өнер көрсетті (26 ұпай, 8 рет допқа жету). Сондай-ақ, «Астана» құрамында Рустам Мырзағалиев (12 ұпай), Валерий Лиходей (9 ұпай, 5 пас) көзге түсті.
 

«Алдымен команданы жеңісімен құттықтағым келеді. Ол біз үшін өте маңызды. Алдыңғы матчта біз Минскіде жеңілгенімізді бәрі біледі, бірақ соған қарамастан сенімімізді жоғалтқан жоқпыз. Бүгін біз одан да көп айырмашылықпен жеңіске жету үшін барлық 40 минут бойы жинақылық сақтай алмадық. Үшінші кезеңде олқылықтар жібердік, қазір соның жауабын табу керек. Әрине, Ньюмэн мен Мачадо — команданың көшбасшылары. Мен оларсыз қиын болатынын білдім, бірақ мен ресейлік ойыншыларға сендім және олар бүгін сапалы ойын көрсетті. Мен оларға көп рақмет айтқым келеді», — деді «Автодор» жаттықтырушысы Бранислав Вичентич ойыннан кейін.

19 наурызда «Астана» Красноярск қаласына барып, жергілікті «Енисеймен» кездеседі.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»