«Автодор» және «Самарамен» матчтар – Жекпе-жек сарайында!

06.03.2023, 10:00    Оқылғаны: 510
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында «Автодор» (9 наурыз) және «Самараға» (13 наурыз) қарсы екі үй матчын өткізеді.

Саратов пен Самара клубтары ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне шығу үшін күрес жүргізетін өте мығым қарсыластар. Алайда, Олег Киселевтің командасы елордалық жанкүйерлерді жаңа жеңісімен қуанту үшін барын салады.

Екі матчтпн тұратын үй сериясы аяқталғаннан кейін, келесі ойындар «Автодор», «Енисей», «ПАРМА-ПАРИ» және «Минскіге» қарсы өтеді.

Сондықтан, біз барлығымыз жаңа алаң — Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының трибуналарында мүмкіндігінше көп көрерменді күтеміз, мұнда ВТБ Бірыңғай лигасында екі соңғы үй матчы өтеді.

Бұл арена 2019 жылы ашылды. Ғимарат қалықтаған бүркітті бейнелейтін үшбұрышты пішінді.

«Астана» мұнда 2020 жылы кейбір үй матчтарын ойнады.





Матчтан бөлек, біз, әдеттегідей, жанкүйерлер үшін қызықты іс – шаралар дайындадық: осылайша, «Автодормен» үлкен үзілісте көрермендерді «Zhanym Sol» хитінің авторы, итальяндық музыкант Сон Паскальмен бірге караоке кеші күтеді. Самарамен ойында бұдан кем емес шаралар болады, сондықтан біз Наурыздың жылы күндерінде барлық баскетбол әуесқойларын күтеміз!

Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»