Атыраудағы сенімді ойын

07.02.2023, 20:00    Оқылғаны: 586
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қазақстан Кубогі бәсекесіндегі бірінші ойынын Қостанайдың «Тобылына» қарсы өткізіп, жеңіске жетті.  
 
Түсінікті болу үшін айта кетейік: Кубоктің барлық ойыны Атырауда өтеді (өйткені «Барыстар» қазіргі жүлденің иесі, турнирде тек қазақстандық баскетболшылар қатысады) 
 
Кубокқа қатысқан алты команда екі топқа бөлінді, олардың әрқайсысы бір-бірден ойнайды. «Астанамен» бір топқа «Тобыл» және алматылық IRBIS түсті. Басқа үштікте «Ақтөбе», «Атырау Барыстары» және Жоғары лигада ойнайтын «Алматы легионы 2» бар. 
 
«Астананың» алғашқы ойыны, бұған дейін жазғанымыздай, жеңіспен аяқталды, Олег Киселевтің командасы «Тобылды» 90:76 есебімен жеңді. Екінші матчта қатарынан жеңіліп қалған қостанайлықтар А тобының турнир кестесінде соңғы келеді. 
 
Елордалық клубтың көшбасшылары – капитан Рустам Мырзағалиев (22 ұпай, 3 рет доп алу, 8 рет нәтижелі пас, 4 рет тосқауыл), Олег Балашов (16 ұпай, 3 рет доп алу, 2 рет нәтижелі пас) және Максим Марчук (13 ұпай, 7 рет доп алу, 3 рет пас).


 
Бүгін өткен екінші матчта «Атырау Барыстары» В тобында «Ақтөбені» 69:68 есебімен жеңді.  
 
Енді «Астана» алматылық IRBIS-пен ойнайды, кездесу 8 ақпанда елорда уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»