Майкл Майерс пен Кваме Вон НЗМ ФММ барды

02.02.2023, 20:00    Оқылғаны: 460
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін Майкл Майерс пен Кваме Вон елордалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды.

«Астана» ойыншылары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мастер-класс өткізді және үш ұпайлық байқауда клубтың фирмалық атрибутикасын ойнатты. Сондай-ақ, жас баскетболшылар Майк пен Кваменің командасына бөлініп, кейін бір-біріне қарсы ойнады.



«Керемет тәжірибе. Балалардың жігері мықты, позитивті, мен олармен уақыт өткізгеніме қуаныштымын. Балаларға жақсылық, ал мектеп командасына жақын матчта сәттілік тілеймін», — деді Кваме Вон.

«Балаларға өз мақсаттарына ұмтылуға, көп жұмыс істеуге және оларға қол жеткізуге тілектеспін. Мен осы мектепте болғаныма қуаныштымын», — деп қосты Майк Майерс.



Сондай-ақ, мектеп бізден естелік сыйлық — клуб баскетболшыларының қолтаңбасы бар жейдені алды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»