«Минскімен» ойынның билеттер сатылымы ашық

30.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 551
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» мен «Минск» арасындағы үй матчының билеттер сатылымы ашылды.

Ақпан айының бірінші күні елордалық баскетбол әуесқойлары Қазақстан мен Беларусь чемпиондары арасындағы қызықты кездесуді тамашалай алады.

«Астана» осы маусымда «Минскіні» екі рет жеңді, бірақ бұл кездесу оңайға түспесі анық. Біз білетіндей, ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіл матчтар болмайды.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, басталуы сағат 20:00-де. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»