«Енисейге» есе жібердік

28.01.2023, 18:00    Оқылғаны: 518
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты чемпионатының екінші кезеңінің бірінші матчында «Енисейден» ұтылды.

«Сарыарқа» велотрегі паркетінде өткен матчтың қорытынды есебі – 83:67. Ойынның бірінші жартысында «Астана» ұпай бойынша қарсыласын қуып жеткеніне қарамастан, кейіннен Красноярск спортшылары ұпайы айырмасын арттырды.

Красноярск командасының құрамында Анджело Уорнер (21 ұпай, 6 тосқауыл), Тимофей Герасимов (15 ұпай, 5 пас), Владислав Трушкин (12 ұпай) өздерін жақсы көрсетті.

Елордалық командада ең көп ұпай жинаған американдық ойыншылар – Майкл Майерс (18 ұпай, 9 рет доп алу), Маркелл Джонсон (15 ұпай, 8 пас), Кваме Вон (12 ұпай).
 

«Ойыншыларды жеңісімен құттықтаймын, бірақ мен қырық минут ішінде біздің ойынның сапасына риза болдым деп айта алмаймын. Біз жинақы ойнаған жоқпыз, әсіресе қорғаныста. Келесі матчтарда біз жеңіске жетуді қаласақ, әлдеқайда жақсы өнер көрсетуіміз керек. Бірақ, сайып келгенде, бүгін біз жеңдік. Матчты талдап, жақсы ойнауға тырысу керек», — деді «Енисейдің» бас бапкері Дражен Анзулович.

Келесі матчты «Астана» 1 ақпанда «Минскіге» қарсы өткізеді. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымда.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»