Мықты Мәскеуде анықталды

14.01.2023, 19:00    Оқылғаны: 564
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионатының бірінші кезеңінің қорытынды матчтарының бірін өткізді.

Олег Киселевтің командасы Мәскеуде ЦСКА-мен кездесті. Матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 100:72.

Әлі де жеңіліссіз лигада келе жатқан ЦСКА құрамында Никола Милутинов (15 ұпай, 11 допты алу), Антон Астапкович (13 ұпай, 7 допты алу), Алексей Швед (13 ұпай, 5 пас), Даллас Мур (13 ұпай) ерекше көзге түсті.

«Астанадан» Маркелл Джонсон (20 ұпай) және Майкл Майерсті (12 ұпай, 7 допты алу) ерекшелеуге болады.
 

«Менің ойымша, «Астана» маусымның бірінші бөлігімен салыстырғанда біршама прогреске қол жеткізді, қазір олар жақсы ойнап жатыр. Біз үшін бұл маусымның екінші бөлігі мен «Зенитпен» келесі ойын алдында тағы бір тексеруден өту мүмкіндігі болды. Ең бастысы, біздің барлық жігіттер аман және бабында», — деді матчтан кейін әскерилердің бас бапкері Эмиль Райкович.

Енді «Астана» «Сарыарқа» велотрек паркетінде «Ақтөбемен» ойнайды. Ұлттық лига аясындағы матчтар 17 және 18 қаңтарда сағат 20:00-де өтеді. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»