«Астана» Латвия чемпионын қабылдайды

21.10.2016, 10:25    Оқылғаны: 603
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 22 қазан күні «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасындағы төртінші ойынын өткізеді. Бұл жолы қазақтың бас қаласына Еуропадан Риганың ВЭФ клубы келеді.

Елорда баскетболшылары Латвия командасымен жақсы таныс. Бұған дейінгі маусымдарда «Астана» ВЭФ клубымен тоғыз рет кездесіп, бесеуінде ұтылып қалып, төртеуінде жеңіске жетті. Сондай-ақ, ригалықтармен клубаралық тығыз достық қарым-қатынасымыз да бар! 

Тарихтан қысқа мағлұмат:
  • «Астанның» бұрынғы бас бапкері (2015/2016 жылдар маусымындағы) Рамунас Бутаутас 2010/2014 жылдары Рига клубын жаттықтырған. 
  • ВЭФ клубының қазіргі көшбасшысы, Латвия ұлттық құрамасының ойыншысы Янис Блумс 2013/2014 жылдар маусымында «Астананың» намысын қорғаған. 
  • Рига клубының қазіргі ең үздік ойыншыларының бірі, америкалық қорғаушы Кристофер Ричард Ақтаудың «Каспий» клубында ойнап, Қазақстан чемпионатында «Астанаға» қарсы бірнеше рет өнер көрсеткен. 

Қарсылас жайлы мәлімет:

«ВЭФ» (Рига) БК 1958 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Латвия чемпионы − 2011, 2012, 2013, 2015
  • Латвия чемпионатының күміс жүлдегері − 2010, 2014, 2016 
  • КСРО чемпионатының қола жүлдегері −1960, 1966, 1991
  • Балтық лигасы кубогының қола жүлдегері − 2012
  • Латвия чемпионатының жартылай финалына шыққан − 2008, 2009

ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында әзірше бір-ақ ойын өткізді. Мәскеу облысында жергілікті «Химки» командасымен кездесіп, шектен тыс тартысты ойында 76:73 есебімен жеңіске жетті. Ал ертеңгі ойын екі команда үшін де – маңызды. Матч тартысты да, қызықты болуы керек. Екі команданың құрамдары бір-біріне сай, екеуі де – жеңісті қолдан бермейтін ұжымдар. «Астана» баскетбол клубы спорт жанкүйерлерінің бәрін ойынды тамашалауға шақырады! Бізге сіздердің қолдауларыңыз керек. 

Матч «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Басталуы – 16:00. Кіру тегін!



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»