Олег Киселев: «Біз ойын жоспарын орындадық, алғашқы секундтардан бастап мінезімізді көрсеттік»
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Минскіні» жеңгені туралы айтып берді.
— Біз ойын жоспарын орындадық, алғашқы секундтардан бастап мінезімізді көрсеттік. Үшінші бөліктің басында кішкене проблема болды: біз допты жақсы қозғалтпадық, ұйымдастыруымыз нашар болды. Кейін, бәрі реттелгеннен кейін, бәрі ойдағыдай болды. Команданы және жанкүйерлерді жеңісімен құттықтаймын, ЦСКА — мен матчқа дайындаламыз.
Бүгін біз ұйымшылдықпен ойнадық және өз себетіміздің маңында шабуылдары болдырмау үшін барымызды салдық. Минскіде 15 рет допты алып қойған еді, бұл жолы 5 рет тартып алды, бұл маңызды факторлардың бірі. Ал, ұйымдастыру жағы мүлдем басқаша болды. Біз допты ұйымшылдықпен қозғадық, бөлістік, команда ретінде ойнадық.
Біз екінші кезеңнің әр ойынында жеңіске жетуге тырысамыз. Ары қарай түпкілікті нәтижеге сүйенеміз.