Асқат Талғаров «Астананың» басқарушы директоры болып тағайындалды

10.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 497
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Асқат Талғаров «Астананың» басқарушы директоры болып тағайындалды. 

1987 жылы туған. Білімі — заңгер, мансабының көп бөлігін заң саласында, оның ішінде мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

Қажетті басқарушылық тәжірибесінің арқасында ол «Астана» клубының күнделікті процестерін үйлестіруге жауапты.

Асқат Асқарұлы бала кезінен түрлі спорт түрлерімен белсенді айналысады, бірақ баскетболға басымдық берген – ол бірнеше рет түрлі турнирлерге, соның ішінде республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, университет құрамасында өнер көрсетті.

«Мен «Астана» баскетбол клубының құрамына қосылғаныма қуаныштымын! Біз клубымыздың әрқашан отандық баскетболдың шыңында қалуына, сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасында және Батыс Азия Суперлигасында лайықты өнер көрсетуіне бар күшімізді саламыз», — деп атап өтті басқарушы директор.

Қош келдіңіз!



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»