«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында «Зенитке» жол берді.
Матч православ Рождество күнінде «Сарыарқа» велотрегінде өтіп, қонақтардың пайдасына 93:75 есебімен аяқталды.
«Астана» кездесуді сәтті бастаған жоқ, алайда екінші және үшінші бөлікте ВТБ Бірыңғай лигасының қазіргі чемпионына қарсы лайықты күрес жүргізді. Бір сәтте артта қалушылық -9-ға дейін қысқарды, бірақ соңында Санкт-Петербургтен келген клуб сенімді жеңіске жетті.
Олег Киселев Томас Эртельді ерекше атап өтті (23 ұпай, 13 пас, ПИК 28). «Бүгін жақсы ойнады, үнемі команданы басқарды, пас берді, жағдайды өзі шешті», — деді қазақстандықтардың жаттықтырушысы.
«Астана» құрамында Даниил Аксенов (19 ұпай), Кваме Вон және Валерий Лиходей (15 ұпай) көзге түсті.
«Біріншіден, барлығын Рождество мерекесімен құттықтағым келеді. Біз ойынды жақсы бастадық, бірінші бөлікте біз қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнадық. Екінші және үшінші бөлікте «Астана» жақсы ойнай бастады, ойын теңестіріліп, бізге қиындай түсті. Төртінші кезеңде біз ойынды бұрып, матчта жеңіске жету үшін мүмкіндіктер таптық.«Астанаға» барлық жақсылықты тілеймін, әсіресе жаттықтырушы үлкен жұмыс атқарды.» - деді «Зениттің» бас бапкері Хавьер Паскуаль ойыннан кейін.
Келесі матчты «Астана» 11 қаңтарда өткізеді, Олег Киселевтің командасы үйде «Минскімен» ойнайды. Билеттерді
Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.