«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде кезекті көшпелі матч өткізеді.
Қазіргі аялдама — Минск. Беларусь елінің ұжымы 2006 жылы құрылды, ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы жорығы 2010/11 маусымда, «Астанадан» бір жыл бұрын басталды. Содан бері Қазақстан мен Беларусь клубы бір-бірімен 18 рет кездесті, жеке кездесулер саны — 8:10 «Минск» пайдасына.
Қазір қарсылас турнир кестесінде соңғы орында тұр, бірақ бұл текетіресті тартысты болмайды дегенді білдірмейді – команда «Енисейді» жеңіп, УНИКС-ке қарсы бірінші матчта небәрі 4 ұпай жоғалтты.
«Біздің команда алдыңғы матч алдында үлкен кадрлық қиындықтарға тап болды, бірақ бұл ойынға дейін барлығы алаңға қайта оралып, керемет ойын көрсетеді деп үміттенемін. Биылғы соңғы матчты үйде өткізгеніміз жақсы, жанкүйерлерімізге жаңа жылдық сыйлық жасауға тырысамыз!» —деді матч алдында Минск қорғаушысы Владислав Близнюк.
Матч Астана бойынша сағат 18:00-де басталады, көрсетілім клубтың ресми сайтында қолжетімді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.