Пермьде есе жібердік

17.12.2022, 20:00    Оқылғаны: 554
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Пермьде ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті көшпелі матч өткізді.

Елордалық команда мен «ПАРМА-ПАРИ» арасындағы биылғы маусымдағы алғашқы кездесу Олег Киселев командасының жеңісімен аяқталғанына қарамастан, кездесу қиын болатыны анық еді. «Астана» бапкері ойын алдында атап өткендей, жанкүйерлер қолдауі әрдайым алаң иелерін алға жетелейді.

Бұл жолы да солай шықты. Ойын барысында командалар тығыз күрес жүргізгеніне қарамастан, қорытынды есеп – 94:74. Сонымен қатар Майк Майерс жарақатына байланысты Қазақстанда қалды.

«Астана» сапында Даниил Аксенов (23 ұпай, 7 рет допқа жету), Кваме Вон (15 ұпай, 7 пас, 5 рет допқа жету), Валерий Лиходей (13 ұпай), Дмитрий Гаврилов (10 ұпай) ерекшеленді.
 

«Баршаңызды жеңіспен құттықтап, жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді! Керемет атмосфера, әсіресе «сүйекке-сүйек» ойыны басталған кезде осындай болды. Алаңның әр сантиметрінде көптеген текетірес болды. Өкінішке қарай, бізде бір ойыншы шет қалды, ал келесі кездесуде Малик ойнай алады деп үміттенемін. Біздің «Астанамен» өткен матчымызда осындай тартысты болды, бірақ біз жауап таба алмадық. Бүгін «Молотта» жігіттер физикалық жағынан жауап берді. Қазір ең бастысы — «Локоға» дайындалу», — деді ойыннан кейін «ПАРМА-ПАРИ» бас бапкері Евгений Пашутин.

Келесі матчты «Астана» 22 желтоқсанда үй паркетінде өткізеді, қарсылас Қазанның УНИКС ұжымы.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»