Даниил Аксенов: «Қатты қуандық, тіпті жеңісімізге сенбедік»

13.12.2022, 22:30    Оқылғаны: 512
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ойыншысы Даниил Аксенов «Автодорды» жеңгеннен кейін пікір білдірді.

— Біріншіден, жеңістің аты — жеңіс. Біз бәріміз, соның ішінде басшылық, жанкүйерлер, отбасымыз мұны қатты күттік, өйткені жеңілістен кейін психологиялық тұрғыдан қиын, әсіресе -20, -30 ұпайлармен ұтылғанда. Біз бақыттымыз.

Шынымды айтсам, киім ауыстыратын бөлмеде қатты қуанғанымыз сонша, жеңіске сенбедік. Соңында айыппұлдарды сала алмадық, менде бұрын мұндай нәрсе болған жоқ, бірақ бұл жерде жеңістің дәмі соншалықты жақын болғасын қобалжу болды. Менің ойымша, Вадим Щербак та аздап қобалжыды. Бірақ біз жеңдік, керемет жұмыс істегенімізге қуаныштымыз.

Иә, біз айыппұл немесе жеңіл ұпайларды салғандс, +5 ұпайға ұтып тұратын едік, бірақ мұндай ойындар да қажет, өйткені бұл бізге және жаттықтырушылар штабы үшін тәжірибе. Жанкүйерлер үшін бұл, әрине, адреналин, менің ойымша, олар ұзақ уақыт бойы мұндай эмоцияларды сезінбеді. Баршаңызды жеңісімізбен құттықтаймын!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»