«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті көшпелі матч өткізді. Бұл жолы лиганың қазіргі чемпионы Санкт-Петербургтің «Зениті» қарсылас болды.
Бастапқыда алаң қожайындары фаворит болып көрінгеніне қарамастан (әсіресе қазақстандықтар Санкт-Петербургке негізгі құрамның бірқатар ойыншыларынсыз келді), бірінші бөлікте кездесудің оңайға түспейтінін көрсетті: он минут Хавьер Паскуаль командасының минималды артықшылығымен аяқталды – 22:23.
Екінші бөлікте «Астананың» жолы болмады – командалар үзіліске 54:36 есебімен кетті. Алайда, соңғы екі бөлікте Олег Киселевтің ұжымы алаң иелеріне тағы да бәсеке танытты, сәйкесінше минималды айырмашылықпен (18:15 және 16:15) жеңілді.
Ойын «Зениттің» пайдасына 88:66 есебімен аяқталды.
Қазақстандық клубтың көшбасшылары Майкл Майерс (17 ұпай, 11 допқа жету), Даниил Аксенов (16 ұпай, 6 допқа жету), Олег Балашов (10 ұпай) болды. Алаң иелерінен Томас Эртельді (16 ұпай, 6 пас, 4 тосқауыл) озық шықты.
«Мен бізді қолдауға келген жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. «Зенит» баскетбол Академиясында осы матчты ұйымдастырғаны үшін клуб басшылығына рахмет. Мен мұның қиынға түскенін білемін. Егер ойын туралы айтатын болсақ, онда біз екінші бөліктен бастап кездесу барысын бақыладық. Біз керемет ойнадық деп айтуға болмайды, бірақ сонымен бірге нашар өнер көрсеттік деп те айта алмаймыз. Енді келесі матчқа дайындалуымыз керек», — деді Зениттің бас бапкері Хавьер Паскуаль матчтан кейін.
6-7 желтоқсанда «Астана» фарм-командасы Алматыда IRBIS-ке қарсы екі матч өткізеді, ал Олег Киселевтің жетекшілігімен негізгі құрам «МБА» -мен қонақта ойнайды.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.