«Зенитпен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

03.12.2022, 18:00    Оқылғаны: 612
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберіндегі кезекті матчты «Астана» Санкт-Петербургте өтеді.

Қарсылас қазіргі Лиганың чемпионы және Суперкубок иегері — «Зенит». Клуб тек 2014 жылы құрылғанына қарамастан, ол өзін лиганың ең мықты ұжымдарының бірі ретінде көрсете алды.

Жеке кездесулердің статистикасы қазақстандық клубтың пайдасына болмаса да (17 матчтың 11-н «Зенит» жеңді), Санкт-Петербургтегі алдыңғы ойын «Астананың» жеңісімен аяқталды.

Қазір қарсылас команда тұрақты чемпионатта 3-ші орында, он ойында жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп қалды. Команданы әлі күнге дейін Хавьер Паскуаль жаттықтырады, ол 2008-2016 жылдары «Барселонаны» баптап, 2020 жылы елордаға қоныс аударды.

Қарсылас команданың көшбасшылары деп Трей Томпкинсті (бір матчқа орта есеппен 11,3 ұпай), Томас Эртель (бір ойынға 10,8 ұпай және 8,1 пас) және Соломон Ричардты (бір матчқа 7,9 ұпай және 6,9 допқа талас) айтуға болады.

«Біздің командаға сәттілік тілейміз, жақсы командалық ойын көрсетуге тырысамыз. Ертеңгі матчтың атмосферасы жоғары, ал ойынның өзі өте қызықты болады деп ойлаймыз», – деді «Астана» ойыншысы Олег Балашов.

Ойын 4 желтоқсанда «Зенит» баскетбол академиясында өтеді, басталуы Астана уақыты бойынша 19:30-да.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»