«Астана» және FIBA Елордада білім беру бағдарламаларын іске қосады

27.11.2022, 19:00    Оқылғаны: 975
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» FIBA-мен бірлесіп елордада дамудың екі білім беру бағдарламасын іске қосады.

Олардың біріншісі — 11-13 желтоқсанда өтетін Ball'In Schools бағдарламасы аясындағы семинарлар. Мақсаты — дене шынықтыру мұғалімдерін оқыту, олардың мектеп оқушылары арасында баскетболды көңілді және нәтижелі түрде – алаңда да, одан тыс жерлерде де насихаттау мүмкіндіктерін кеңейту. Тыңдаушылар семинар қорытындысы бойынша сертификаттар алады.

12-17 желтоқсанда баскетбол бапкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған WABC Level 1 coaching course бағдарламасы бойынша сабақтар өтеді.

Екі бағдарламаға қатысу тегін.

Тіркелу үшін Академия басшысы Рустам Ерғалимен мына нөмір бойынша байланысу қажет +7 701 013 1213.

Орындар саны шектеулі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»